Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: АЛТЫН БЕЛГІГЕ ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН: АЛТЫН БЕЛГІГЕ ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫ

Түркістан қаласында биылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарын 2046 оқушы бітіргелі отыр. Олардың ішінде 1337 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Оның 124-і «Алтын белгіге», 59-ы “Үздік аттестатқа” үміткер. Карантиндік режимге байланысты биыл қорытынды аттестаттау жұмыстары санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Өңірімізде 9 сынып оқушылары 28 мамыр, 2 және 5 маусым күндері білім сынағын жазбаша түрде тапсырады. Ал, 11 сынып оқушылары 1-10 маусым күндері аралығында сынақтан өтеді. «Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын басқарма тарапынан құрылған комиссия қарайтын болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Соңғы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі түрде 25 мамырда (икемді кесте бойынша) өткізілетінін хабарлайды. Сонымен қатар, биыл санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Министрлік Соңғы қоңырауды өткізудің 3 форматын ұсынады:Біріншісі – 9, 11 сыныптарға, 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептерге (салтанатты линейка) өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізу.
Екіншісі – сыныпта (сынып сағаты түрінде), үшіншісі – онлайн (сынып сағаты түрінде).Соңғы қоңырауды ұйымдастыру барысында барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу кезінде бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтығын сақтау, кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету назарға алынады.
(Фото ғаламтордан алынған)