Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПРЕСС ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПРЕСС ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Соңғы кезде суға бату оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 17-18 шілде күндері бірнеше профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Атап айтқанда Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімі мен Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, «Апаттар медицина орталығы» қызметкерлерімен бірлесіп жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасының қатысуымен «Аква» бассейнінде пресс тур ұйымдастырды.
Пресс тур барысында бассейнде демалып жүрген азаматтарға, балаларға судағы қауіпсіздік туралы айтылды. «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында ескертпе жадынамалары әрбір азаматқа, балаларға таратылды.
Өз кезегінде «Апаттар медицина орталығы» қызметкерлері іс-жүзінде суға батып жатқан баланы қалай құтқару керек екендігі және оған бірінші медициналық көмек қалай көрсету керек екендігі практикалық түрде барлық демалушы ата-аналармен балаларға көрсетілді.
Сонымен қатар жалпы шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайлы Түркістан қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Рауан Ордабек «Тұран-Түркістан» телеарнасына сұхбат берді.