Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: «Абайлаңыз, балалар!» арнайы іс-шарасы өтті

ТҮРКІСТАН: «Абайлаңыз, балалар!» арнайы іс-шарасы өтті

Оқушылардың жол-көлік апатынан жарақаттануының алдын алу мақсатында, жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды үйрету, тұрғылықты мекен-жайымен, мектепке бару аралығында тәртіппен жүруге балалар мен жасөспірімдерді бейімдеу үшін жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда мамыр айының 12-14 аралығында «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы бағытта, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары Ататүрік атындағы мектеп гимназиясы мен Хамза жалпы мектебінің оқушыларына жол жүру ережелерінің маңыздылығы мен апаттылықтың алдын алу бойынша кең көлемде сабақтар өткізді. Сондай-ақ Түркістан ҚПБ-дан құрылған арнайы ювеналды полицейлер оқушылардың жаяу жүргіншілер жолағынан өтуін қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мектеп директорлары полиция қызметкерлерінің жұмыстарына көңілдері толатынын және алғыстарында айтты. Балалардың тыныштығы үшін күн-түн демей қызмет етіп көпшілікке үлгі бола білген полицейлерге оқушыларымыз да өз алғыстарын жеткізіп, өскенде «полицей» болғысы келетіндерін жасырмады.
Өз кезегінде полицейлер, «Ең алдымен отбасында ата-ана тәртіпке бағынуы керек. Олар дұрыс жүріп-тұрса, балада солардың ізін жалғастырады. Сондықтан, жол ережесін, бірінші кезекте ата-ана өзіңіз сақтаңыз. Көлік жүргізушілері де жол ережесін сақтап жүрсе, елімізде жол-көлік апаттары сәлде болса азаяды» — деп ойларымен бөлісті.
Көлікті тізгіндегенде, үйіңізде отбасыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз! Жылдамдықты асырмаңыз, мектептер мен балабақшалар орналасқан аймақтарда сақ болыңыз. Өйткені балалар біздің болашағымыз. Ал, оқушылар кез-келген жерден кесіп өтпей, жол ережесін сақтаңыздар.