Домой Қоғам ТҮЛКІБАСТЫҚ АНАЛАР ИГІ ІС ЖАСАУДА

ТҮЛКІБАСТЫҚ АНАЛАР ИГІ ІС ЖАСАУДА

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуіне Түркістан облысы бойынша Қазақстан халық Ассамблея жанынан құрылған Түлкібас аудандық «Аналар кеңесінің» игі істері де үн қосуы десек те қате болмас. Аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Күзембаева Ақсұлу Шәменқызы бастаған кеңес мүшелері де осындай сындарлы сәтте елдігімізді көрсетіп, ынтымақ, бірліктің арқасында жеңіп шығуға шақырды.

Елімізде көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық ешқашан да елеусіз қалмайды. Қай күні болмасын, жақсылығың өзіңе қайтып келері анық, тек оны міндетсінбесең болғаны.
Аудандық «Аналар кеңесі» төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенді түрде кірісті.

Ардақты аналарамыз өз қаражатынан бетпердені қолдарымен тігіп, азық-түлікпен қоса аудан аумағында тұратын көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға таратты.