Домой Қоғам ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

Отбасының бірлігі мен ынтымағы, яғни толыққанды отбасы-қоғам үшін, мемлекет үшін де маңызы зор. Қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған ажырасу мәселесі кім-кімді болса да алаңдатады. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке бұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық сот және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы аясында «Отбасым-бақыт мекенім» атты дөңгелек үстел өтті. Қала әкімінің орынбасары С.Расұл және қалалық сотының төрағасы Е.Сералиев жиынды төрағалық етіп отырды. Қалалық сотының судьясы А.Кененбаева «Отбасылық сот» Пилоттық жобасының міндет, мақсаттарын баяндап берді. Жиында сот өкілдері, ақсақалдар, әжелер алқасы, медиаторлар, адвокаттар алқасы, этно ұйым өкілдері, имамдар, жастар отбасы құндылықтары, ажырасудың себептері, оның алдын алу жолдары, отбасы тәрбиесі жөнінде әңгімелер қозғап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Әр азамат тәрбиелеуді алдымен өзінен бастаса, қоғамда ажырасу мәселелері болмайды деп тарқасты.