Домой Қоғам «Nur Otan»: Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, жайлылық жасау қажет

«Nur Otan»: Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, жайлылық жасау қажет

Түркістанда үгіт-насихат жұмыстары өз жалғасын тауып, мүмкіндігі шексіз жандармен кездесу өтті. Кездесу аясында азаматтардың құқығын қамтамасыз ету мәселесі кеңінен айтылды. Кездесу, пікір білдіріп, жалпы қаламызға көз тартарлық өзгерістер еніп желе жатқаны жайлы әңгімелесу форматында өтті.
Сондай-ақ, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту, жайлылық жасау қажет екендігі назарға алынды. «Nur Otan” партиясының республикалық және қалалық бағдарламалары таныстырылып, үміткерлер алда өтетін сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Айта кетейік, аталмыш партияның сайлауалды бағдарламасында тең мүмкіндіктер құру қарастырылған. Ол үшін қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады. Қала бойынша паспортталған 212 мекеме мен кәсіпорындардың ғимараттарына 100% пандус орнатылған. 14 Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: — 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 100% кедергісіз ортамен қамтамасыз етуге қол жеткізуге;  2021 жылы 28 дыбыстық бағдаршам, 8 шақырым тактильді плита орнатуға;  білім беру ұйымдарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге (E13 перила, қоңырау шалу, арнайы дәретханалар, тактильді жол және т.б.); -мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; — әлеуметтік бағдарламалар аясында жыл сайын дағдарыстағы 150-ден астам адамдарға (оның ішінде 60 пайыздан астамы аналар) көмек көрсетуге, — «Taiqazan» қайырымдылық дүкені арқылы мыңнан аса адамды киім мен азык-түліктер, қыстық отынмен қамтамасыз етуге; — жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектер арбаларымен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және курорттық еммен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысы жақсарып, егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100% кедергісіз орта орнайды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді