Домой Қоғам «NUR OTAN»: ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«NUR OTAN»: ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


«Nur Otan» партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихатына үмiткер Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы облыс орталығындағы Нысанбаев көшесi тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — қазіргі таңда даму қарқыны күрделі жүріп жатқан қалаға қандай да үлес қосу мақсатында болды.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Жолдардың сапасын жақсарту, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту,тұрғын үйге қол жетімділігін арттыру жұмыстары көзделген. Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру аясында «Nur Otan» партиясы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал етпек. 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 шақырым автомобиль жолдарын 30 пайыздан 100 пайызға жеткізу және қоғамдық көлік тасымалдау сапасын арттыру жоспарланған. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: — 2025 жылға дейін 400 шақырым жолдарды орташа жөндеуге, оның ішінде: 9 — 2021 жылы «Бекзат» және «Отырар» мөлтекаудандарының 100 көшесінің 130 шақырымы; — 2022 жылы «Сауран» және «Иасы» мөлтек аудандарынан 100 көшесінің 130 шақырымы; — 2023 жылы «Шауғар» мөлтек ауданынан 100 көшесінің 140 шақырымы; — 5,8 шақырым (3 шақырым – Отырар ауданынан кіреберіс жолды және 2,8 шақырым – Халықаралық қазақ-түрік университетінің тас жолын «Отырар» мөлтекауданына дейінгі автожолды) күрделі жөндеуге; — 81,9 шақырымды құрайтын 23 көшелердің жүріс бөлігі кеңейтіліп, оларда орын алатын кептелістер азайтылып, қала тұрғындары мен қонақтарының жүруіне қолайлы жағдай жасауға; — 2021 жылы 50, 2022 жылы 60, 2023 жылы 46, 2024 жылы 40 жаңа автобус пен 2021 жылы 18 электробустар алынып, қоғамдық көліктер санын 270-тен 484-ға дейін жеткізуге; — Халықаралық әуежай құрылысын аяқтап, пайдалануға беруге; — Теміржол вокзалын қайта жаңғыртудан өткізіп, аумағын абаттандыруға; — 2023 жылы Түркістан қаласында жаңа теміржол вокзалының құрылысын аяқтауға; — 2025 жылға дейін 29 бағдаршам, (2021 жылы 8, 2022 жылы 6, 2023- 2025 жылдары 5-тен) және 120 аялдама (2021 жылы 30, 2022 жылы 30, 2023- 2025 жылдары 20-дан) орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 км автомобиль жолдары 100% жөнделіп, қоғамдық көлік тасымалдау сапасы арттырылады деп жоспарлануда.
Үмiткер Сүлеймен Тұрсынбайұлы әр тұрғынның үйіне жеке-жеке кіріп, ойларын тыңдады. Тұрғындар қала дамуының жақсы әрі жылдам дамып жатқанын айта кетті. Жалпы, қаламыз облыс орталығына айналғалы бері мол мүмкіндіктер пайда болғанын да назардан тыс қалдырмады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді