Түркістан облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Облыстық мәслихатқа үміткер Әсел Арапова Сарыағаш қаласындағы «Алтын жұлдыз» және «Карима» сауда үйлерінде болып, қала тұрғындарымен алдағы сайлау туралы пікірлерімен бөлісті. Тұтынушылардың басым бөлігінің мәселесі – тұрғын үй. Үміткерлер бұл мәселе сайлауалды бағдарламада қамтылғанын жеткізді.
Жалпы бүгінде Сарыағаш ауданында 4694 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Сарыағаш қаласында 5 қабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2021 жылы жалпы ауданы 45,72 мың шаршы метр тұрғын үй салуды, 2025 жылға дейін инвестицияларды тарту арқылы Сарыағаш қаласы «Самал» мөлтекауданына жалпы алаңы 398 гектар, Ақжар ауылдық округіне 25 гектар, Дербісек ауылдық округіне 110 гектар жер теліміне тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі әр тұрғынға шаққанда 19,1 текше метрге жетіп, тұрғын үймен 1,5 мың отбасы қамтамасыз етіледі.
Экспромт кездесу барысында сауда үйінің иелері шағын және орта бизнеске қандай қолдау болатыны жөнінде сауал жолдады. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатқаны жасырын емес. Осы ретте үміткерлер партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасалатынын жеткізді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
Түркістан облысы бойынша Сарыағаш ауданы емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттыруға;
Сарыағаш ауданында туризмді дамыту мақсатында орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2021 жылы 4 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 6 жоба, 2024 жылы 8 жоба, 2025 жылы 10 жобаны іске асыруға;
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10 пайызға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға;
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға;
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге;
Ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал ететіндігін жеткізді.
Осы шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 93 пайызға жеткізу көзделуде. Соның нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 18 мыңға артып, онда істейтін жұмыскер саны 40 мыңға жетеді деп күтілуде. Осы жұмыстардың арқасында жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93 пайызға дейін артпақ. Кәсіпкерлер саны 18 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жететін болады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді