Домой Қоғам Nur Otan партиясы Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен кездесуге...

Nur Otan партиясы Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен кездесуге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы оқытушы-жаттықтырушылар педагогтармен теңестірілгенін тілге тиек ете келе Үкіметке спорт саласына білікті мамандар тарту мақсатында және спорт саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру үшін спорт саласы мамандарының еңбекақысына 25% қосуды тапсырды. Nur Otan партиясының міндеттерінің бірі – спорт саласын көтеру. Осыған орай, Nur Otan партиясы Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен кездесу өткізді. Түркістан қалалық Nur Otan партиясының үгіт-насихаттық тобы спорт саласының қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Спортшыларымызды жоғары жетістікке жеткізу, өскелең ұрпақтың, қарапайым халықтың дені сау болып өсуі үшін бұхаралық спортты дамытуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланың одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылатындығы баяндалды. Спорт мекемесі ұжымы Nur Otan партиясына зор үміт артатынын және үлкен қолдау танытатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді