Домой Қоғам «Nur Otan»: Партияның сайлауалды бағдарламасы насихатталды

«Nur Otan»: Партияның сайлауалды бағдарламасы насихатталды

«Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясынан Түркістан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мәди Аманжол Шавгар мөлтек ауданының тұрғындарымен жүздесіп «Nur Otan» партиясының облыс орталығы бойынша алдағы 5 жыл аралығында жасақталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Айта кетейік, сайлау алды бағдарламада қала тұрғындарының кірісін көбейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде тиімді инвестициялау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және заманауи қондырғылармен және тиімділігі жоғары технологиялармен жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмыстары жалғасады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қояды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін әрқайсысы 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысын жүргізуге; тұрақты сатып алу-сату жүйесін құру, оқытуды бастау және қатысушылардың ауылшаруашылық құзыреттілігін арттыру. Нәтижесінде бес жыл ішінде қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындар ашылып, шағын және орта кәсіпорынға барынша қолдау көрсету көзделген.


«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді