Домой Қоғам “Nur Otan”: Үміткерлер ардагерлермен кездесті

“Nur Otan”: Үміткерлер ардагерлермен кездесті

Бүгінде, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда “Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының мәслихат депутаттығына үміткерлер Айгүл Тілепова, Сүлейменова Жамила Төреханқызы, сайлау алды бағдарламасын насихаттау мақсатында жазушы-драматург Елтай Бимахамбетұлы, ұлы отан соғыс ардагері Әбдіжаппар Дайрабаев, қариялардың шаңырағында қонақта болды.
Жалпы біздің елдігіміздің басты ұйытқысы әрі себепші – бізге Ұлы жеңісті тарту еткен ардагерлеріміз екені даусыз. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 болғанын да осы ретте айтып өткен жөн болар. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Осы ретте «Nur Otan» партиясы әрқашан біздің жас буындардың тәрбиешісі һәм айнасы ардагерлерімізді жоғары құрметтеген.

 

«Nur Otan» партиясы *Түркістан қаласының* Сайлау қорының қаражатынан төленді