Домой Қоғам «Nur Otan»: КӘСІПКЕРЛІККЕ БАСА КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

«Nur Otan»: КӘСІПКЕРЛІККЕ БАСА КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Ордабасы ауданындағы Бөржар ауыл округінде тамшылатып суару әдісімен қарқынды алма бауы және сүйекті жеміс түрлерін өндіретін «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

 Оны аудандық мәслихаттың депутаты болған, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тағаев Бақтияр Мұратұлы басқарады.

Бұл серіктестік 2014 жылы құрылған. 2016 жылдың көктемінде 20 гектар жерге қарқынды алма бауын отырғызған. Ал, 2019 жылы қосымша тағы 20 гектарға алма, шабдалы, нектарин, сүйекті жемістерін отырғызған. 2020 жылы 50 гектар жерге сүйекті жемістер түрін отырғызуды жоспарлаған. Көшеттер Түркия мемлекетінен әкелінген. Қазақстанның ішкі  нарығында сатылуда.

Жалпы нысанның құны 290 млн. теңгені құрайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ, Аграрлық несие корпорациясынан қаржыландырылған. Жылына 1200 тоннаға дейін алма өндіреді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының басшысы Әлиасқар БЕРДІМҰРАТ бастаған штаб мүшелері «Александровский сад» ЖШС-не келіп, ұжыммен кездесті.

Кездесуде Әлиасқар Байдуллаұлы партияның елеулі жетістіктерін, алдағы бес жылға даярлаған тиімді бағдарламаларын, сонымен қатар сайлаудың өту тәртібін сөз етті. Еңбек ұжымының талап тілектерін тыңдап, шешілу жолдары қарастырылатынын айтты. 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Қызметкерлерге табыс тіледі.

Жалпы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың  7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған болатын. Олар төмендегідей:      

  1. Экономикалық тұрақты аймақ;
  2. Ыңғайлы аймақ;
  3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ;
  4. Жастарға арналған аймақ;
  5. Мәдениеті мен тарихы бай аудан;
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
  7. Қауіпсіз аймақ.

           «Nur Otan» партиясы кәсіпкерлерді қолдайды.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

  • жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 8 азаматқа грант ұсынуға;
  • «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 2021-2025 жылдар аралығында жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 425-ке жуық азаматтарға 190 гранттар мен 235 адамға несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);
  • мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  • «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 20 жаңа бизнес жобаларды қаржыландыруға;
  • шағын және орта бизнес саласындағы ЖӨӨ-нің үлесін 2025 жылға қарай 25% -ға арттыруға;
  • «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 300 жобаны несиелендіруге;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын жиһаз өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласында 35 жаңа жобаларды ұсынуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлер саны 11,3 мыңға көтеріліп, ондағы жұмыскерлер саны 16,1 мыңға жетеді. Шағын және орта бизнес саласындағы жалпы өндірілген өнімнің үлесі 25%-ға артады.

Кездесуден соң ерікті жастар жұмысшыларға үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы сайлауалды қоғамдық штабының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы атынан Ордабасы аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.