Домой Қоғам «Nur Otan»: Ардагермен Түркістан қаласын дамытудың 7 басым бағыты талқыланды

«Nur Otan»: Ардагермен Түркістан қаласын дамытудың 7 басым бағыты талқыланды

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясының үміткері Ғалымжан Нұрманұлы Бимурзаев партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында, Түркістан қаласының құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жарылқасын Әзіретбергеновтың шаңырағында қонақта болды. Кездесу барысында, Түркістан қаласын дамытудың 7 басым бағыты талқыланды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының атқарылған игі істері мен болашақта атқарылатын жұмыстары айтылды.
Айта кетейік, аталмыш партия бекітілген сайлауалды бағдарлама аясында қала тұрғындарының кірісін көбейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде тиімді инвестициялау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және заманауи қондырғылармен және тиімділігі жоғары технологиялармен жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмыстары жалғасады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қояды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін әрқайсысы 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысын жүргізуге; тұрақты сатып алу-сату жүйесін құру, оқытуды бастау және қатысушылардың ауылшаруашылық құзыреттілігін арттыру. Нәтижесінде бес жыл ішінде қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындар ашылып, шағын және орта кәсіпорынға барынша қолдау көрсетіледі.


«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді