Домой Қоғам «NUR OTAN»: АРДАГЕР АНАМЕН КАНВАССИНГ ӨТТІ

«NUR OTAN»: АРДАГЕР АНАМЕН КАНВАССИНГ ӨТТІ

Перзентіне әлемнің жарығын сыйлап, тағылымды тәрбиесін аямаған аналарымыздың қатарында — Кенжегүл Таштиеваның есімі ерек, орны бөлек.⠀Бүгінде ел анасы еліміздің амандығы мен көшбасшымыздың саулығына әркез тілекші. Ел аумағында орын алып жатқан оң өзгерістерге қуанып, аналық ақ батасын беруден жалықпаған. Сұқбат барысында да сайлаудың сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады. Қала бойынша паспортталған 212 мекеме мен кәсіпорындардың ғимараттарына 100% пандус орнатылған. 14 Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 100% кедергісіз ортамен қамтамасыз етуге қол жеткізуге; 2021 жылы 28 дыбыстық бағдаршам, 8 шақырым тактильді плита орнатуға; білім беру ұйымдарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге (E13 перила, қоңырау шалу, арнайы дәретханалар, тактильді жол және т.б.); мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; әлеуметтік бағдарламалар аясында жыл сайын дағдарыстағы 150-ден астам адамдарға (оның ішінде 60 пайыздан астамы аналар) көмек көрсетуге, «Taiqazan» қайырымдылық дүкені арқылы мыңнан аса адамды киім мен азык-түліктер, қыстық отынмен қамтамасыз етуге; жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектер арбаларымен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және курорттық еммен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысы жақсарып, егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100% кедергісіз орта орнайды.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді