Домой Қоғам ҮМІТКЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ҮМІТКЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы БПҰ мүшелері және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Ажибаев, Е.Майлыбеков және А.Жандарова қатысуымен Қаратөбе ауылдық округі «Қаратөбе» ауылдық клубында кездесу өткізді. Nur Otan Партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен бастауыш партия мүшелері өзара «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады.
Жиын барысында «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.
Сонымен қатар жиынға қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші болғандықтан жиналғандар халықтың әлсіз тобына қолдау көрсету, тұрмыс сапасып арттыруға күш салуды кандидаттар мен бастауыш партия ұйымы мүшелерінің назарына салды.

«Nur Otan» партиясының Төлеби ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді