Домой Басты жаңалықтар ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРМНЕН КАНВАССИНГ ӨТКІЗДІ

ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРМНЕН КАНВАССИНГ ӨТКІЗДІ

Түркістандықтар үшін Рахым Тәңірбергеновтың есімі таңсық емес. Түркістан қаласында «Жолаушы», «Рахим и К1» ЖШС-нің құрылтайшысы Рахым Көлбайұлымен сұқбаттасқан едім.⠀Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлының еңбегі мемлекетіміздің мынадай марапаттары мен құрметті атақтарына ие: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарімен марапатталған. Құрметті ардагермен халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімі – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігі жөнінде әңгіме өрбіді. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. 16 Бүгінде Түркістан қаласында 18-ден аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Түркістан қаласын дамыту бағытында мәдени-рухани орталығында жаңадан 5 нысан (Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Неке сарайы, Шығыс моншасы, Қабылдау орталығы) салынды. Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:  2021 жылы Драма театр, Опера және балет театры құрылысын аяқтау;  Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;  «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу;  Түркістан қаласының аса көрнекті тумалары мен тарихи мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыру (С.Қожанов, Н.Төреқұлов, С.Ерубаев, М.Пошанов, А.Үсенов, Ә.Нұрмаханов, О.Жарылқапов, Б.Саттарханов);  ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізу;  қаланың қасиетті және тарихи (Қожа Ахмет Иасауи мен Рабиа Сұлтан Бегім кесенелері, Цитадель бекініс қабырғасы, Қылует жерасты мешіті, Құмшық ата, Гаухар ана) жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру және киелі орындарды абаттандыру;  Түркістан қаласының көрнекті тумалары, тарихи мұраларды танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруға ықпал етеді. Нәтижесінде түркістан қаласын дамыту бағытында мәдени-рухани орталығында жаңадан 5 нысан ашылып, қаланың қасиетті және тарихи орындары абаттандырылады, аса көрнекті тумалары мен тарихи мұраларын танымал етіледі.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді