Домой Қоғам ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙІНЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

ҮМІТКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙІНЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

«Nur Otan» партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихатына үмiткерлер Сүлеймен Арыстанов, Дарын Жаппарқұлов, Алтынбек Кенжалиев, Шолпан Маратқызы облыс орталығындағы ардагерлердің үйінде қонақта болды. Ардагерлер «Nur Otan» партиясының атқарып жүрген жұмыстарымен танысып, қызметіне оң бағасын берді.
Кездесудің басты мақсаты — қазіргі таңда даму қарқынды жүріп жатқан қалаға қандай да үлес қосу мақсатында болды. Жалпы, Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мол мүмкіндіктер пайда болғанын да назардан тыс қалдырмады. Сөз соңында, ақсақалдар ақ батасын берді.
Айта кетейік, «нұротандықтар» облыс орталығында тең мүмкіндіктер құруды көздеп отыр. Тәппіштей түссек. Қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлініп, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталмақ.
Қала бойынша паспортталған 212 мекеме мен кәсіпорындардың ғимараттарына 100% пандус орнатылған. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: — 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 100% кедергісіз ортамен қамтамасыз етуге қол жеткізуге; — 2021 жылы 28 дыбыстық бағдаршам, 8 шақырым тактильді плита орнатуға; — білім беру ұйымдарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге (E13 перила, қоңырау шалу, арнайы дәретханалар, тактильді жол және т.б.); — мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге; — әлеуметтік бағдарламалар аясында жыл сайын дағдарыстағы 150-ден астам адамдарға (оның ішінде 60 пайыздан астамы аналар) көмек көрсетуге, — «Taiqazan» қайырымдылық дүкені арқылы мыңнан аса адамды киім мен азык-түліктер, қыстық отынмен қамтамасыз етуге; — жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектер арбаларымен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және курорттық еммен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысы жақсарып, егде және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100% кедергісіз орта орнайды деп жоспарлануда.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді