Домой Қоғам ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ мыңнан астам кемшіліктерді анықтаған

ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ мыңнан астам кемшіліктерді анықтаған

Өткен жылы Түркістан облысында жол активтерінің ұлттық сапа орталығы құрылған болатын. Мекеменің міндеті — жолдың геометриялық өлшемдерін алу ғана емес, құрылыс материалдарының құрамы мен сапасында анықтау. Жарты жыл ішінде республикалық және жергілікті жолдарға 689 рет тексеру жүргізген орталық мамандары, мыңнан астам кемшілікті анықтады. Нәтижесінде, жауапты әкімдіктер мен мердігерлерге хат жолдап, 94 мың шаршы метрден астам жол жабынын қайта төсеткен.
Биыл Түркістан облысында көлік жолдарын жөндеуге бюджеттен 37 жарым млрд.теңге қарастырылып отыр. Қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы үшін облыстық автомобиль жолдары басқармасы мен аудан әкімдіктері және ұлттық сапа орталығы келісімшартқа отырды. Ендігі жерде жүргізілген жұмыстар үш жақтама қатаң бақылауға алынбақ.
Гүлжазира Ғалиқызы,
Жол активтері ұлттық сапа орталығы
Түркістан облыстық филиалының баспасөз хатшысы