Домой Қоғам КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміның ұйымдастыруымен Келес ауданының орталығы Абай ауылында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға Келес аудандық полиция бөлімінің мамандары қатысты.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде ауылішілік тұрақты бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған және заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан 14 автокөлікке ҚР ӘҚБК-не сәйкес 14 хаттама түзіліп, автокөлік жүргізушілеріне заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта аудан көлемінде тұрақты түрде жүргізілетін болады.