Домой Басты жаңалықтар КЕЛЕС: ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

КЕЛЕС: ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округі аумағында құрылысы жүріп жатқан «Абай» АГТС басына тиісті бөлім басшыларымен барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Түркістан облысы Келес ауданы «Абай» АГТС салу (қуаттылығын ұлғайту)» нысанының жобалық-сметалық құжаттарының бас жобалаушы мекемесі «Жамбылагрогазпроект» ЖШС болып табылады. 2019 жылы мемлекеттік сатып-алу конкурсының жеңімпаз мердігер мекеме «Газ KZ» ЖШС анықталып, ағымдағы жылдың шілде айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын көру барысында аудан әкімі Ақментай Үсенұлы мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарының баяу жүруінің себебін сұрап, ақауларды тездетіп шешуді тапсырды. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінің елді мекендерін толық табиғи газбен қамтамасыз етуге «Абай» АГТС қуаты жететін болады.