Домой Қоғам КЕЛЕС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР — ОПТИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛУДА

КЕЛЕС: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР — ОПТИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛУДА

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ағымдағы жылдың 3 – 7 ақпаны аралғында аудандағы ауылдық округтердің тұрғындары алдында 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Есептік кездесуде аудан тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтардың бірі ол, ауылдық жерлердегі интернет желісі мен ұялы байланыс операторларының жеткілікті деңгейде жұмыс жасамауын алға тартқан болатын. Аудан әкімі тиісінше, аудан бойынша 28 елді мекенде кең жолақты интернет жүйесіне қатынау үшін, оптикалық-талшықты кәбіл желілерін тарту бойынша жұмыстар жасалынып жатқанын атап өткен болатын. Ол жұмыстардың аяқталу мерзімі осы жылдың алғашқы тоқсаны деп көрсетілген-ді. Көтерілген мәселені толықтырып тарқатсақ, ҚР Үкіметтің тапсырысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Қазақтелеком»АҚ-ң Келес ауданының 28 елді мекенінінің мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдарына — Интернетке кең жолақты қатынау мүмкіндігін беру үшін қажырлы еңбек атқаруда. Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің шешімін табуға аудан әкімінің тікелей араласуымен аудан бойынша 6 елді мекенінің ММ/БҰ оптикалық желімен тиісті құрылғылары монтаждалып іске қосылды. Ол елді мекендер: Бірлесу ауылдық округінің 28 Гвардия, Жүзімдік ауылдық округінің орталығы Жүзімдік елді мекені, Қошқарата ауылдық округінің 1 – Мамыр, Бәйтерек елді мекендері, Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе, Береке елді мекендеріндегі білім ошақтары, емханалар мен ауылдық округтерінің әкімдіктері қамтамасыз етілді. Алдағы аптаның еншісінде тағы 7 елді мекен қосылуға дайын тұрған болса, қалған елді мекендер алдағы 3 ай ішінде толығымен 28 елді мекен оптика талшықты интернет желісімен қамтылмақ. Айта кету керек, атлған жоба Үкіметтік деңгейде қолға алынған ауқымды жоба болып, 3 бағыттан тұрмақ. Келесі бағыттардың мақсаты тұтас аудан көлемін – кең жолақты интернет желісімен қамту. Аталған жобаның алғашқы бағыты бойынша Түркістан облысындағы ең көп елді мекендер тізбесі енген аудандардың бірі — Келес ауданы болып тұр. Сонымен қатар, Келес ауданы көрші Өзбекстан Республикасымен шектесетін 11 елді мекен орналасқан. Сол елді мекендерде ұялы байланыс операторларының дұрыс жұмыс жасамауынан тұрғындар қиыншылық көруде. Ол мәселенің шешімін табу мақсатында, аудан әкімінің бастамасы елді мекендердің мәліметтері, облыстық тиісті басқармаға жолданып, бүгінгі таңда аталған мәселе облыс деңгейінде көтеріліп, бақылауға алынған.