Домой Басты жаңалықтар ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ішкі қауіпсіздік жүйесін жетілдіру – реформа тұжырымдаманың аясында жүзеге асырылады (Реформадан)Ішкі істер органдарының күш жұмылдыруының арқасында соңғы үш жылда қылмыс деңгейі 17,5 пайызға азайған. Адамдар қылмыстық әрекеттен қорғану үшін, ең алдымен, полицияға барады. Тәуелсіздік жылдары 779 полиция қызметкері қаза тауып, екі жарым мыңға жуығы жарақат алды. Мұны естен шығармау керек. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қазіргі жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отыр. Полицейлердің азаматтармен өзара қарым-қатынасының қазіргі стандарттары ескірген, әрі заман талабына сай келмей отыр, бұл азаматтардың көңіл толмастығын туғызуда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Президентіміз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмайтынымызды айта келіп, полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісу керектігін тапсырған болатын. Күн тәртібіне сәйкес сол кездегі Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымов баяндама жасады. Берілген мәліметтерді назарға алып, жоспарланған барлық іс-шараны мұқият пысықтау қажеттілігі туындады.
Жаңғыртудың маңыздылығы заман талабы, сондықтан ішкі істер органдарының құрылымы мен штатын оңтайландырудың, сондай-ақ өзіне тән емес функцияларды алып тастаудың маңызы зор. Артық нәрсенің бәрінен арылып, қылмыс пен күрес жүргізу және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне мән беру керек. Құрылымдар оңтайландырылды. Соның нәтижесінде бір басшының қарамағында бесеу емес, үш адам болады. Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашады.Бұл европалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард үнемделмек.
Үнемделген қаражат қызметкерлердің еңбекақысы мен әлеуметтік қамту жүйесін жақсартуға жұмсалады. Қосымша ішкі резервтерді іздеу және тиімсіз әкімшілік шығындарды болдырмау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Полицейлердің жалақысын арттыруға қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Мұның бәрі-халықтың ақшасы. Полицияны, армияны және соттарды салық төлеушілердің қаражаты есебінен ұстайды, сондықтан, азаматтарымыз құқық қорғау органдарының өз міндетін мінсіз атқаруын талап етеді. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін және қоғамдық тәртіпті сақтау ісімен тікелей айналысатын қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін қабылданған шаралар көңіл қуантарлық.
Бұл шаралар полиция жұмысының ең маңызды деген бағыттарына білікті жаңа кадрларды тартуға, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті күзететін және қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметін атқаратын бөлімшелерді күшейтуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерінің теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылып, барлық жеңілдіктен айырылуға дейін шаралар қолданылады. Енді жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады. Ведомствалық білім беру ісі айтарлықтай өзгереді. Мамандарды даярлау сапасы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи полиция академиялары қажет. Ішкі істер министрлігіне тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатын болады, оған жоғары жалақы төленетін мейлінше білікті оқытушылар іріктеліп алынатын болады.
Қазіргі полицейлерді кезектен тыс аттестация күтіп тұр. Заманауи стандарттарға сай келетін қызметкерлер ғана қалады. Осы сынақтан өтпегендердің орнына лайықты қызметкерлер алынады. Қазақстанда іріктеуді сапалы жүргізуге зор мүмкіндіктер бар – жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары 20 мыңнан астам заңгер дайындап шығаруда. Ішкі істер органдарынан жұмыстың сервистік моделіне көшу талап етіледі. Жыл сайын полицияға 4 500 000-нан астам азамат шағымданады, ал оларды қабылдау үшін жағдай жасалмаған. Егер басына іс түскен адам келсе, оны тезірек әрі сыпайылықпен қабылдау керек. Бірақ бұл атқарылар істің бір бөлігі ғана. Ондай мәселелерді жедел әрі заңға сәйкес қарастыру қажет. Халықпен жұмыс істеудің заманауи форматы дегеніміз осы. Жұмыс кестесі ыңғайлы, сондай-ақ жайлы техникалық тұрғыдан жақсы жарақтандырылған фронт- кеңселер құрылуы керек. Қызметкерлердің жұмысында дөрекілік пен халықты менсінбеушілік болмауға тиіс. Біреу қылмыстың құрбаны болса немесе қауіп төнсе, жайлы өмір сүріп, жұмыс істей алмайды. Жаңа реформа бойынша полиция қызметін бағалаудың жаңа критерийлері енгізіледі. Критерийлер шынайы болуы керек. Онда полиция жұмысының сапалы орындалуы мен тиімділігіне баға берілу керек. Азаматтардың сенімі жайлы тұрмысы мен қауіпсіздігі полицияның тиімділігін бағалаудың негізіне айналғаны жөн. Есептік көрсеткіштерді арттыру үшін жұмыс істеу өткеннің еншісі болып қалады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жұмысқа цифрлық технология енгізіледі. Қазақстанның барлық елді-мекендері қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықталады. Тұрғындармен онлайн режимдегі кері байланыс қызмет түрлері енгізіледі. Заманауи технология полиция қызметінің барлық саласын қамтиды. Цифрландыру сыбайлас жемқорлықты азайтуға, басқару буындары мен штат санын оңтайландыруға септігін тигізетін болады. Полиция қызметін ғана емес, Ішкі істер министрлігінің басқа да құрылымдары реформаланады. Көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау реформада басты назарға алынған. Азаматтардың жеке басымен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Полиция жұмысы тиімділігінің негізгі критерийінің мәні осында. Бұл реформаны жедел іске асыру қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, реформаның ІІО-ын жаңғырту жол картасын қабылдау қажет. Қазақстанның барлық қалалары қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерімен цифрланады. Жаңа реформа бойынша полицияның жұмысын бағалау өлшемі – халықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болу керек. ІІО-ын жаңғырту және реформалау бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы жасалды. Ол 9 тараудан тұрады. 1-тарауы «Ұйымдық –штаттық құрылымды оңтайландыру», 2-тарау «Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту», 3-тарау «Кадрларды іріктеу және даярлау, ведомствалық білім беруді жаңғырту», 4-тарау «Тән емес функцияларды қызметтен алып тастау», 5-тарау «Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматтары», 6-тарау «Бағалаудың жаңа өлшемшарттарын енгізу», 7-тарау «Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою», 8-тарау «Қылмыстық — атқару жүйесін жаңғырту», 9-тарау «Азаматтық қорғау органдарын жаңғырту» деп аталады. Ішкі істер органдарын жаңғырту және реформалау жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруда Түркістан облысының Полиция департаментін де арнайы жоспар жасап, реформаның талаптарын орындау ісінде белсенділік танытуда. Жас мемлекетіміз ҚР қазіргі таңда құқықтық негізі қаланған еңсесі биік елдердің қатарында. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев «Полиция ашық болуы тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет» деп шегелеп айтқан болатын. Түркістан облысы полиция департаментінде де
2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын оңтайландыру туралы жол картасын тиісті деңгейге жүргізуде.
2019 жылдың 27 наурызында полиция-генерал майорының халықпен кездесуі өтті. Онда облыс, қала тұрғындарымен кездесіп, сұрақтары мен көкейіндегі мәселелеріне баса назар аударылды. Бұл үрдісті облысымызға қарасты барлық қала, аудан Полиция бөлімдерінің басшылары жалғастырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға ерекше көңіл бөліп келеді.
Осы жылдың 25 ақпанынан бастап қалың жұртшылықтың , қарапайым халықтың құқық қорғау қызметіне байланысты мәселелерін санаулы уақыттарда шешіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «фронт-офистер» ашу қолға алынды. Департаменттің жанынан заманауи фронт-офис ашылды, оған бүгінге дейін 526 адам келіп, тиісті көмектерін алды. Ағымдағы жылдың шілдесіне дейін Түркістан облысына қарасты Полиция бөлімдері жанынан қосымша фронт-офистерді ашу қарқынды түрде іске асырылып отыр. Маусым айының өзінде Келес, Жетісай Мақтаарал АПБ-де ашылып, полицейлер қарапайым халыққа жақындай түсті.
Жол патрульдік полициясына бейнетіркегіштерсіз жол бойында тұруға тыйым салынды. Оларға планшеттер үлестіріп, хаттамалар толтыру электронды жүйеге көшті. Қорыта айтқанда, Ішкі істер органдарын жаңғырту мен реформалау ісі Түркістан облыстық Полиция департаменті мен оның бөлімдерінде басты назарға алынып, нақты іс-шаралар бойынша іске асырыла беретін болады.