Домой Қоғам ӨҢІРДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА ОРТАҒА САЛЫНДЫ

ӨҢІРДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Ағымдағы жылдың 14 мамыры күні Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен өтетін «Ашық микрофон» алаңында Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тәжімұрат Ермек Атшыбайұлы қадірлі қонақ болды.

Еркін форматта өрбіген жиында өңірдегі короновирусқа қарсы екпе егу жұмыстары және халықтың сенім-көзқарасы, инфекциялық ауруханалардың бүгінгі ахуалы, балаларға берілетін тегін дәрі-дәрмектерді алу тәртібі, жедел жәрдем көліктерінің артуы, дәрі-дәрмек қорының бүгінгі деңгейі сөз болды.

Сондай-ақ, ашық алаңда спикер қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқарма көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен ой бөлісті.

Айта кетсек, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінен бастау алған бұл игі жоба тұрақты негізде ұйымдастырылып, өз аудиториясына парасатты тұлғалармен жүргізілген сүбелі сұқбаттар легін ұсынып келеді.