Домой Қоғам ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕДЕ «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР...

ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕДЕ «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ


Жуырда пилоттық режимде ашылған «Халықтық кеңсенің» мамандарының жұмыс тәжірибесін арттыру мен электрондық форматта қызмет көрсетуді дамыту мақсатында 21-қаңтар күні семинар өткізілді. Қалалық әкімдіктің тарапынан ұйымдастырылған семинарда»Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлері оқыту сабақтарын жүргізді.
Жалпы халықтық кеңсе – халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын заман талабына сай арттыру ашықтыққа қол жеткізу жолымен сыбайластық тәуекелдерін азайтуға, қолжетімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік.
«Электронды үкімет» бұл — цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сәйкес анықтаманың барлығын электронды жүйе арқылы алуымызға үлкен мүмкіндіктер туғаны бәрімізге мәлім.
Оқыту барысында «e-gov электронды үкімет» порталы арқылы онлайн қызметін пайдалану, анықтамаларды электронды жүйе арқылы алу туралы жан-жақты түсіндірілді. Халықтық кеңседегі азаматтарға арналған «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы да электронды түрде қызмет алуды тұрғындарға жетік меңгертудің негізі тәлісілі.
Мұндай оқыту семинарлары алдағы уақытта Халықтық кеңсенің жұмысын дамытуда тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Тиімділігі мен нәтижесі мамандар тәжірибесін арттыру мен азаматтарға ыңғайлы қызмет түрін қалыптастыру.