Домой Қоғам ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАСИХАТТАДЫ

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАСИХАТТАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Р.Сайлаұлы, Ә.Катаев, Д.Мусаев, Қ.Умирбеков, Д:Хангельдиева және Е.Майлыбеков Көксәйек ауылдық окгругі тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» атты бағдарламаны жергілікті халыққа түсіндіру. 1) Экономикалық тұрақты аудан; 2) Ыңғайлы аудан; 3) Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; 4) Жастарға арналған аудан; 5) Мәдениеті мен тарихы бай аудан; 6) Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; 7) Қауіпсіз аудан. Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді