Домой Қоғам БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БІР КӨРІНІСІ — ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ҚҰРҒАНЫ

БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БІР КӨРІНІСІ — ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ҚҰРҒАНЫ

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туылған күні. Киелі шаһарымызды гүлдендіріп, рухани астанаға айналдыруда Елбасы мен Қасым – Жомарт Кемелұлының игі бастамалары мен тың пірікілері — болашақ үшін, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұдайы дамуы үшін жасалған бірегей қадам екенін ұмытпауымыз керек. Түркістан – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер. Меніңше, мұның бірінші себебі халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруағына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәстүрге, эволюциялық даму сабақтастығына деген адалдықта жатыр.Соның біздің заманымыздағы жарқын бір көрінісі – Елбасымыздың Түркістан облысын құрғаны.