Домой Қоғам БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ


Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы БПҰ мүшелері және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Сайлауұлы, К.Умирбеков, А.Шырынбек қатысуымен Жоғарғы Ақсу ауылдық округі «Жоғарғы Ақсу» ауылдық клубында кездесу өткізді. Nur Otan Партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен бастауыш партия мүшелері өзара «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады.
2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, бұл көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік.
Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, деп үміткерлер тілге тиек етті. Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыру.
Сонымен қатар жиынға қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші болғандықтан жиналғандар халықтың әлсіз тобына қолдау көрсету, тұрмыс сапасып арттыруға күш салуды кандидаттар мен бастауыш партия ұйымы мүшелерінің назарына салды.
Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді