Домой Қоғам БІЗ БІРІКСЕК БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ!

БІЗ БІРІКСЕК БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкіл дүние жүзін коронавирус індеті шарпып, адамзат баласын үрей билеп отырған осындай кезеңде Қазақстан халқына телевизилық үндеуі арнағаны халықтың көңілінен шықты. Жұқпалы індеттен күні кеше ғана арамызда жайраңдап жүрген небір жайсаң, асыл азаматтарымыз келмеске кетіп жатқаны қабырғамызды қайыстыруда. Халықты қазір үрей билеп тұрғанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны жөн болды. Бұл сөз жоқ жақындарынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған қаралы отбасылардың көңіліне медеу болады.
Енді, дәрі-дәрмектің жайына келсек, меніңше елімізде дәрі-дәрмек жоқ емес, бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы дәрі — дәрмекті негізсіз қымбаттатып, пайдаға кенелгісі келетін ашкөздермен күресті батыл жүргізу қажет екендігін ескертіп өтті. Әрине, бұл жерде халықтыңда осы күреске үлес қосқандары жөн деп білемін.

Мұхтар ҚОЖА,
Тарих ғылымының докторы, ХҚТУ-дың профессоры.