Домой Қоғам «Білім беру сапасын арттырамыз»

«Білім беру сапасын арттырамыз»

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Р.Сайлауұлы, Г.Алдабергенова, Т.Тастанов, М.Тұрымбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Білім саласындағы кәсіподақ ұйымының өкілдерімен «Оқушылар үйінде» жиын өтті.
Жиында аудандық маслихат депутаттығына үміткер Р.Сайлауұлы білім саласындағы «Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:
 қашықтықтан заманауи оқыту технологияларын енгізу;
 жаңа талаптарды ескере отырып мұғалімдерді даярлау;
 жоғары және бірінші санатты оқытушылар құрамын, оның ішінде аймаққа жаңа кадрларды тарту арқылы арттыру;
 Ханарық және Ұйымшыл елді мекендерінен мектепке дейінгі 2 ұйымның қосымша ашылуына байланысты 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету;
 аудандағы күрделі жөндеуді қажет ететін ететін 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге (Биболатұлы, Екпінді, Қаратөбе, Қостөбе, Ханарық, Шомшақты);
2021 жылы Ленгір қаласындағы №6 мектепке қосымша 200 орындық орта мектебінің құрылысына;
 2022 жылы Ханарық елді мекеніндегі Ханарық орта мектебіне 200 орындық қосымша ғимараттың құрылысына;
 2022 жылы Қаратөбе елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына;
 2023 жылы Ұйымшыл елді мекеніндегі Ұйымшыл орта мектебіне 200 орындық қосымша құрылысына;
 2023 жылы Ынтымақ елді мекеніндегі 150 орындық негізгі мектептің және Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектептің құрылысына;
 Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысына;
 18 мультимедиялық лингафон, 22 физика, 29 химия, 30 биология, 48 робототехника кабинеттерімен және 116 интерактивті тақтамен қамтамасыз етуге;
 ауылдық жерлерде жоғарғы педагогикалық білімі бар педагогтердің үлесін 99,6%-ға жеткізуге;
 қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 100% толық компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге;
 оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарындағы мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламасын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесін 2025 жылға 61,8%-ға жеткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 15%-ға артады.
Үміткерлер білім қызметкерлерімен кездесіп қана қоймай, «Білім беру сапасын арттырамыз» партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыты бойынша сөз етті. Алдағы 5 жылда партияның сайлауалды бағдарламасында, білім беру бағытында ауданда атқарылатын шаруаларға тоқталды. Сонымен қатар сайлаушыларды 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Қатысушылар тарапынан, түрлі ұсыныс-пікірлер түсіп, үміткер өз тарапынан назарға алғандығын атап көрсетті. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жіті тоқталып, кездесу соныңда депутаттыққа кандидаттар 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, «Nur Otan» партиясын таңдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді