Ұлы Жеңістің 76 жылдырына орай Түркістан облысының МКҚБ ММ 2-полиция батальоны (Түркістан қаласы) командирлері мен жеке құрамы қызметкерлері Жеңіс саябағындағы Даңқ мемориалындағы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Сұрапыл соғыста қасық қаны қалғанша жан аямай соғысқан жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлардың есімдері жазылған тақтайшалардың жан-жағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Түркістан қаласының тұрғыны, Ауған соғысы ардагері Калкозов Оразбек Тастанбекұлын құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Калкозов Оразбек Тастанбекұлы 1963 жылы ОҚО, Майдантал ауылында туып, сол жерде жергілікті мектепті оқып бітірген. 1981 жылы әскер қатарына шақырылып, Украинаның Қырым қаласына түскен. Сол жерде Ауған соғысына қатысып, 1983 жылы аман-есен елге оралған. Оразбек ағамыз бүгінде Тұран аулында 3 ұл, бір қыз тәрбиелеп, 5 немеренің қызығын көріп отыр.