Домой Басты жаңалықтар АРЫС КҮН САЙЫН АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

АРЫС КҮН САЙЫН АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданына тиесілі Арыс қаласындағы 11 секторда Отырар ауданының штабында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудандық штаб бастығы-аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш штабта құжаттар қабылдау, түсіндірме жұмыстарымен қатар, ауданға бөлінген секторда санитарлық тазалық шаралары күнділекті атқарылуда.
Бүгінгі таңда ауданымыздан көмекке барған 70- ке жуық азаматтар сектордағы 830 шаңыраққа нақты жағдай бойынша ресми ақпараттарды жеткізу, олардың мұң-мұқтажын билікке жеткізу, халықты сабырға шақыру және тағы басқа мәселелер бойынша көше билерімен бірлесіп, жан-жақты көмектер көрсетілуде. Сонымен қатар, арнайы бөлінген 7 техникамен 11 сектордағы 10-нан астам көше күл-қоқыстардан, құрылыс қалдықтарынан тазаланып, 183,5 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Қала тұрғындарын арандатушылардың арбауына түсіп қалмау мақсатында бірнеше рет арнайы түсіндірме жиындарын өткізген. Бүгінгі таңда Отырар ауданына бөлінген сектордағы 84 үйді жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, құрылысшылар 124 үйді жөндеу жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.
Жалпы ауызбіршілік пен ынтымақ болған жерде ғана осындай берекелі тірлік болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Ең бастысы алып қашпа әңгімеден, арандатушылардан сақ болған абзал.