Домой Қоғам АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күні қарсаңында Арыс қаласында баспасөз туры өтті. Шара аясында БАҚ өкілдері Арыс қаласында жақында ғана іске қосылған «Ардагерлер орталығы» мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең қоғам» әлеуметтік орталығының жұмысымен танысты.
Тілшілер барлық қажетті жабдықтармен қамтылған мұндай орталықтардың басқа аудандарда жоқ екенін тілге тиек етті. Шахмат, дойбы, бильярд, үстел теннисі, массаж бөлмесі, тұзды терапия сияқты емдік қасиеті бар дүниелердің зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова әкімдік ғимаратының кіші мәжіліс залында БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін қабылдады.
Гүлжан Мамытқызы жиынға қатысушыларға қалада осы күндері атқарылып жатқан жұмыс бағыттары туралы қысқаша баяндап, қаланың даму жоспарымен бөлісті.


Сондай-ақ, тілшілер қауымының көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерге құлақ асты. Қала әкімінің тың бастамалары қалам ұстаған қауымның көңілінен шықты.
Кездесу соңында кәсіби мерекеге орай, бірқатар БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хатпен марапатталды.