Домой Қоғам АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «БИЫЛ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ 11 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ»

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «БИЫЛ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ 11 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ»

Байырқұм ауылдық округіне арнайы барған Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы алдымен бұқаралық спортты дамыту үшін демеушілердің қолдауымен салынған спорт ғимаратында, ауылдық клуб пен емханада болып, елдің тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектепте болып, ұстаздар қауымымен кездесті. Мектеп ұжымы білім саласын дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Ауыл ақсақалдарымен жүздескен қала әкімі елді мекендегі өзекті мәселерді шешу кезең-кезеңімен шешу үшін бөлім басшылары мен ауыл әкіміне нақты тапсырма берді.
Бұдан бөлек, сапар барысында Гүлжан Мамытқызы Байырқұм ауылы мен елді мекендерінде өзекті мәселелер картасын жасап, ауыз су, ағын су мәселелерін шешу үшін каналдарды қалыпқа келтіруді жүктеді. Сондай-ақ ауылшаруашылық жерлерін игеру, шекаралас (Шардара ауданы), Достық елді мекенінен көгілдір отын, табиғи газ тарту, ауылдық паркті абаттандыру, ағаш егу жұмыстарын жандандыру және кең жолақты интернет желісін іске қосу мәселесін тездетіп шешуді тапсырды. Айта кетейік,
Байырқұм ауылдық оуругі 1941 жылы құрылған. Ауылдық округ аумағына Байырқұм, Көкжиде, Жосалы елді мекендері кіреді. Ауылдық округтің жер көлемі 26 гектардан асады. Халық саны — 4285 адам. Сонымен қатар, кездесуде қала әкімі жауаптыларға Байырқұм ауылдық округіндегі 11 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын тездетуді тапсырды.