Домой Қоғам АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЕСКЕРТЕДІ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЕСКЕРТЕДІ

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери мамандары, Арыс қаласының аумағын әскери үлгідегі жарылу қаупі бар оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жұмыстарын күнделікті сенбі, жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізетінін хабарлаймыз.

Оқ-дәрілер фрагменттерін жою салдарынан болатын дүмпуден, қара түтіннен қорқып үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жұмыстарынан төніп тұрған ешқандай қауіптің жоқ екендігін хабарлаймыз.

Оқ-дәрілер немесе оларға ұқсас заттар табылған жағдайда,тез арада аудандық полиция бөліміне 102 номеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарына қатысты жалған ақпарат таратқан жағдайда, ҚР қылмыстық кодексінде көзделген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалатыны жөнінде назарларыңызға жеткіземіз.