Домой Қоғам «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 7 БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 7 БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

«Nur Otan» партиясының үйлестіруімен «Қамқорлық» бағдарламасы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде жалғасын тауып, жүзеге асуда. «Nur Otan» партиясы Төлеби аудан филиалының төрағасы Бауыржан Омарбеков бастаған ауданымыздың басшы өкілдері мен ардагерлер қауымы ауылдық округтегі көмекке мұқтаж 9 отбасының үйіне барды. Онда отбасына қажетті заттарды апарып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп шықты.
«Тау самалы» демалыс аймағының басшылығы 7 балалы отбасыға қамқорлық көрсетіп, өз қаражаты есебінен үй салып беруде. Тозығы жеткен ескі баспанада тұрып жатқан көпбалалы отбасы алдағы жазда жаңа қоныс тойын тойлайды. Гүлмира Әшірова «Қамқорлық» жобасының аясында үйлі болғаны үшін айтар алғысы зор.
Айта кетейік, аудандық кәсіпкерлік палатасы тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көмекке мұқтаж азаматтардың қатарында еңбекке жарамды отбасы мүшелерін оқытып, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалып, жұмыспен қамту жағы да қарастырылып отыр.