Домой Қоғам АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Кеше ватсап әлеуметтік желісінде тоған жарылып, оның соңы су тасқынға ұласып жатыр деген күмәнді ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты төменде баяндалған мән жайларды назарларыңызға ұсынамыз.
Құрметті Шолаққорған ауылы тұрғындары!
Ватсап әлеуметтік желісінде тарап жүрген тасқын су, нөсер жаңбырдың салдарынан болған. Торлан тоған суы, қалыпты деңгейде. Алаңдауға негіз жоқ.
Тарқатып айтар болсақ, Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі аталмыш мәселе бойынша алаңдауға негіз жоқ екендігін алға тартуда. Оның сөзінше 2020 жылдың 5 шілде күні күн көзін бұлт торуылдап, нөсер жауын жауған. Салдарынан қатты жауыннан пайда болған тасқын су «Шолаққорған-Шымкент» бағытындағы авто жолдың бір бөлігінен 15-20 сантиметр көлеміндегі биіктікпен тасып өткен. Тұрғын үйлерге және басқа да әлеуметтік нысандар зардап шекпеген. Адам шығыны жоқ. Сондықтан ресми ақпараттарға сеніп, алаңдауға бой алдырмау қажеттігін ескертеді тиісті мекеме өкілі.