Домой Қоғам ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Данияр, Н.Нүргелді, Ф.Қалтаева, Х.Әшірбеков, Б.Қожатай және Д.Хангельдиева Көксәйек ауылдық округіндегі «Жеңіс» ауылдық мәдениет үйінде бас қосып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Үміткерлер елмен жүздесіп, ой-пікірін тыңдап, мәселелерін шешуге бар күштерін салатынын айтты. Нұротандықтар енді санмен емес, жұмыс сапасымен де ерекшеленуді мақсат еткен партия болғандықтан халықпен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Осы басқосуда Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, көксәйектік Жайлау Байрамов сөз алып, өзінің ұсыныс-тілектерін айтты. Ол Көксәйек-Қазақстан бұрылысына бағдаршам орнату, Жеңіс орта мектебіне жолға жерасты өткелін орнату, тегін дәрі-дәрмектің сапасын арттыру, интернет жылдамдығын арттыру, жолды қардан уақтылы тазарту мәселесін кандидаттардың назарына салы. Сұрақтарға кандидат Данияр Айтбаев пен Ханай Әшірбеков заң аясында тұщымды жауап берді. Жиын барысында жоғарыда аталған көптеген мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында да қамтылғаны мәлім болды.

• Айтып кетсек «Инфрақұрылым желілерімен қамтимыз» атты бағдарламада Көксәйек елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 4,2 шақырымдық электр желісін, 2 трансформатор, 2,8 шақырымдық жол, 2,8 шақырым байланыс кабелі, 11,5 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға, 2024 жылы 6,3 шақырымдық жолды орташа жөндеуге (Әңгірата–Ақбастау; Аққұм-Көксәйек автожолы) «Nur Otan» партисы ықпал етеді.

Жайлау Байрамов «Nur Otan» партиясымен бірге екегін, қолдап, қуаттайтынын, дауыс беретінін айтып, еліміздің бірлік, ынтымағы ажырамасын деді.
Иә, партияның негізі міндетңнің өзі халықтың айтқан уәждерін, мәселелерін, мақсаттарын билікке жеткізіп, шешілуіне ықпал ету.
Осы таңға дейін партияның қолдауымен түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Сонымен Көксәйекте өткен шарада кандидаттар тұрғындарға сайлауалды бағдарламамен таныстырып қана қоймай, алдағы бес жылдықта осы өңірде шешімін табатын мәселелерге тоқталды. Жиналғандар өз кезегінде «Nur Otan» партиясына сенім артып, дауыс беретіндерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді