Домой Қоғам ЭКОНОМИКА МЕН ӨҢІРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ЭКОНОМИКА МЕН ӨҢІРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

“Nur Otan” партиясы барлық саланы дұрыс бағытқа жетелей білетін партия. Жалпы қазірде дамып келе жатқан облыс орталығында көптеген мүмкіндіктер бар. «NurOtan» халықтық партиясы сол мүмкіндіктерді барынша оңтайлы қолданудың жолдарын көрсетпек. Партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында тұрғындармен жүздесу жұмыстары жүйелі түрде жүруде. Осы орайда Түркістан қаласындағы индустриалдық аймағында қалалық мәслихат кандидаттары Дарын Жаппарқұлов, Нұрсұлтан Жүсіппаев, Ғалымжан Худияров кездесу өткізді. Келелі кездесу барысында қоғамда орын алып жатқан өзекті де өткір проблемалары ортаға салынды. Оңтайлы шешімін табу мақсатында біріге жұмыс жасау керек екендігін қоса кетті.

Сондай-ақ «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» бағыты туралы айтып, алдағы сайлау науқанында белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, ұжым тарапынан айтылған ұсыныстар партия филиалының 2025 жылға дейінгі бағдарламасында толық қамтылатыны жайлы хабар берді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді