Домой Басты жаңалықтар ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОНИЯНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОНИЯНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында алдағы жылы 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Ол үшін қазіргі таңда 1 гектарға қажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы шелектерге отырғызылып, арнайы күтіп-бапталуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келіпті. Бұдан бөлек, ауданда 1 гектар аумаққа яғни көшетбақта павлония ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республкалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал-дарақ отырғызылған болатын. Соның 1 мыңға жуығын павлония көшеттері құрап отыр.
Жалпы павлония ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі. Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі екен. Күншығыс елінде бүгінде бұл дарақтың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады. Тұқымы, атпа тамырлары және бұталарын қалемшелеу арқылы көбейеді.