Домой Экономика ЖЕТІСАЙ: ДИҚАНДАР БИЫЛ 77 МЫҢ 274 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГЕДІ

ЖЕТІСАЙ: ДИҚАНДАР БИЫЛ 77 МЫҢ 274 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГЕДІ

Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Қазірдің өзінде 40 мың 310 гетар жер тырмаланып, 25 мың 851 гектар жер чизельденген. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары бастау алмақ. Болжам бойынша биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дәнін себеді.
Ал аудандағы ерте егілген көкөніс көлемі 1417 гектарға жетіп отыр. Оның 1022 гектары қырыққабат, 13,5 гектары пияз, 2 гектары сарымсақ, 1,5 гектары қызылша, 98 гектары баклажан, 91 гектары балгар бұрышы, 105 гектары қызанақ, 84 гектары қияр, 33 гекетары картоп. Бұдан бөлек, ауданымызда 2446 гектарға жаңа жоңышқа, 4,5 гектар жерге жүзім егілген. Сондай-ақ, ерте егілген пленкалы қауын көлемі 8 мың 400 гектарға, ал қарбыз 3670 гектарға жетіп отыр.
Көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде Жылысу ауыл округі алда келеді. Мұнда бүгінде жалпы егілген егіс көлемі 9680 гектарды құрайды. Мақталы ауыл округінің диқандары 8385 гектар аумаққа егін ексе, алғашқы үштікті 8393 гектармен Атамекен ауыл округінің шаруалары қорытты. Айта кетейік, жалпы Жетісай ауданында биыл 77 мың 274 гектар жерге егін егілетін болады.