Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҮЛКЕН КӘСІПОРЫНДЫ ЕҢ ЖАС КӘСІПКЕР БАСҚАРАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҮЛКЕН КӘСІПОРЫНДЫ ЕҢ ЖАС КӘСІПКЕР БАСҚАРАДЫ

Түркістан облысының Келес ауданының Біртілек ауылдық округі Димитров елді мекенінде орналасқан «БАЕс-құрылыс» ЖШС бүгінгі таңда Келес ауданындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бірнеше кәсіптік кешенді қамтыған жобаны аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Есенқұлов Бақдаулет Әлжанұлы басшылық жасайды. Кәсіпорынның негізгі шығаратын өнім түрлері — Брусчатка, темірбетон, пластик, жиҺаз, кольца, күйдірілген кірпіш, темір бұйымдар, профиль, профнастил өнімдерін шығарады.

Басым көпшілігі құрылыс нысанының өнімдерін жасайтын кәсіптік кешеннің тауарларын басым көпшілігін облыс көлемінен тапсырыстар түсіп, қолданады. Жобаның жалпы құны — 150 млн теңгені құрайды. Өз қаржысы есебінен қаржыландырылған кәсіпорын жалпы 3,4 га аумақта орналасқан. Кәсіпорынның құрылысы 2008 жылы басталып, 2018 жылы іске қосылды.

Бүгінгі таңда аталған кәсіпорында 45 адам қызмет етуде. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта жұмыс ауқымы артуына байланысты аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.