Домой Экономика ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАР ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАР ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы техникалық дақылды егетін аудан шаруаларының еңбегін бағалауда және өнім жинауда заңсыздықтардың алдын алу мақсатында мақта саласы бойынша күзгі жиын-терім науқанында бақылаушы мобильді жұмысшы тобы құрылған болатын. Аталмыш топ мүшелері өзге аудандардағыдай Жетісай ауданында да мақта өңдеу зауыттары мен мақта қабылдау бекеттеріндегі зертханаларымен таразыларына тиісті бақылау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.Аталған топтың жұмысымен танысып, жергілікті шаруалармен тілдесу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ауданға арнайы келіп, «Мақта Капитал» ЖШС мен «Корпарация Евразия» ЖШС мақта өңдеу зауыттарында болды.Сала мамандарының мәліметінше «Мақта Капитал» ЖШС мен «Корпарация Евразия» ЖШС мақта өңдеу зауыттары мақтаның келісін 220 теңгеден белгілеп, 5000 тоннадан өнім қабылдаған. Шаруаларға тоннасына 100-150 мың теңге аралығында аванс төленуде.Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша биылғы жылы 45,2 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, қазірде 28 мың гектар алқаптан 60,7 мың тонна өнім жиналған. Күзгі жиын-терімге 200-ден астам мақта теру комбайындары мен 40-тан астам бригадалар қатысуда.Одан бөлек, 7 мақта өңдеу зауыттарының 80 мақта қабылдау бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр.