Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНЕ ИНВЕСТОРЛАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНЕ ИНВЕСТОРЛАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

Түркістан облысында 2019 жылдың 15 шілдесіне жылыжай кешендерінің жалпы көлемі 1 045,76 га құрайды. Оның ішінде 61 га өнеркәсіптік, қалған 984,7 га фермерлік жылыжай болып табылады.

Өнеркәсіптік жылыжайдан жылына 1-га дан (2 айналымнан) алынатын өнім – 400 — 450 тоннаны құрайды.

Фермерлік жылыжайдан жылына 1 – га дан (2 айналымнан) алынатын өнім — 200 — 220 тоннаны құрайды.

Осыған орай, Біздің елге қызығушылық танытып Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша Қазақстан тарапының жылы жай саласындағы тәжірибесімен танысу үшін және осы саладағы өзара ынтымақтастықтың мүмкіндігін зерттеу бойынша, өз елін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарлама қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша 21 шет мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салып, астық және басқа дақылдарды егіп, жиналған өнімді Сауд Арабиясына экспорттауды қолға алуды көздейді.

Бағдарлама аясында елімізге жылыжай мәселесін зерттеп бір топ мамандар келді.

Осы топ мүшелерін бүгін, ағымдағы жылдың  17 шілдесі  күні  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Ә. Садыр және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшасы Н.Бадырақов қабылдады. Е. Садыр облысымызда инвесторларға көптен-көп мүмкіншіліктер жасалғандығын жеткізді. Қонақтарда туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Қонақтар өздеріне көрсетілген құрметке алғыс айтып, өз еліндегі қалталы азаматтарға мүмкіншіліктерді жеткізетіндігін айтты.