Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ДИҚАНШЫЛАР БИЫЛ МОЛ ӨНІМНЕН ҮМІТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ДИҚАНШЫЛАР БИЫЛ МОЛ ӨНІМНЕН ҮМІТТІ

Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылының диқаншылары мақта шаруашылығына ден қойып, бүгінде мол өнім алуға үмітті. Ағайынды Төрехан мен Уәлихан Нышанбаевтар 20 жылдан бері шаруақожалықпен, оның ішінде мақта өсірумен, диқаншылықпен айналысып, бау-бақша егіп келеді. Кәзіргі таңда 8 га жерінің 7,5 га-на мақта ексе, 0,5 га-на қызанақ еккен.Теру науқанында жергілікті тұрғындарды жұмыстарға тартып, қажетті техникалармен қамтиды. Жиналған өнімдерін жергілікті компанияларға өткізеді.
— «Алдыңғы жылы су тапшылығы орын алғанымен, биыл суғару жұмыстары ойдағыдай.ауа райыда қолайлы болды. Биылғы еккен «Түркістан» атты сортты, жергілдікті Қарашық ауылының тұрғыны Хабибулла деген азамат ойлап тапқан. Қосымша 3 га жерге 4727 сорты егілгенімен, «Түркістан» сорттың пайдасы мол, әрі өнімді жақсы береді» – дейді шаруақожалық иесі
.Жалпы мақта теру науқаны қыркүйек, қазан айларында басталады. Шаруақожалығымен бұрыннан айналысып келген ағайындылар алдағы уақыта бау-бақшаны ұлғайтуды жоспарлауда.