Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданында ауылшарушылық саласында 2019 жылдың 6 айы бойынша межелі нәтижелер орындалды. Аудан шаруа кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламарды оң пайдалануда, атап айтқанда «Құлан» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 105 жылқы сатып алу жоспарланған болса, жыл басынан 50 бас жылқы сатып алынып жылдық меже 47,6 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 393 бас сиыр сатып алу межеленіп, нақты 350 басқа немесе 90 пайызға орындалды. Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2019 жылы, 6 айында 1009 ұсақ мал сатып алу межеленген, нақты 945 бас ұсақ мал сатып алынды, меже 93,7 айызға орындалды. Сондай-ақ ауданымыз шаруалары ет бизнесін жолға қойып, нәтижер көңіл толтырарлықтай болды. Жалпы 2019 жылы 200 тонна экспортталатын қой еті жоспарланған болса, меже 559 тоннаға немесе меже 280 пайызға орындалды. Ірі қара мал еті бойынша 2019 жылы 650 тонна экспортталатын ірі қара мал еті, нақты 2329 тонна өндірілді белгіленген меже 358 пайызға орындалды.