Домой Экономика ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы Арыс қаласында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыс жағдайына қажетті бірқатар нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.


Іссапар барысы қалаға қарасты Ақдала ауылдық округіндегі сүт өндірумен айналысатын «Қазына жер LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастау алды. Маусымында 3 өнім алуды жоспарлап отырған (орамжапырақ, қияр және жүгері) «Қанағат» өндірістік кооперативінің егістік алқабында болды.


Сонымен қатар Арыс қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, аяқжолдар салу және кәріз құбырларын тарту жұмыстарының барысымен, «Көктем-2» мөлтек ауданындағы 3 қабатты 36 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы барысымен, сондай-ақ күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін «KazGreеnTekSolar» ЖШС-ның құрылыс жұмыстарымен танысты.


Еліміздегі маңызды саяси науқан, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын бойынша атқарылып отырған жұмыстармен танысу мақсатында, қаламыздағы сайлау учаскелерінде болды.
Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.