Домой Басты жаңалықтар ШАРУАЛАР МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУДА

ШАРУАЛАР МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУДА

көрсетіліп келеді. Соның бірі – жеңілдетілген несие. Бұл ретте «Ырыс» МКҰ» ЖШС-нің жұмысына оң баға беруге болады. Айталық, биыл Түркістан облысының  Жетісай қаласының 209-ға тарта  шаруа қожалығы «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 398 млн теңге көлемінде  несие алып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі — Жетісай ауданы, Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Әшірхан ата» шаруа қожалығы. Аталған қожалықтың иелігінде 100 гектарға жуық суармалы жер бар. Соның бәріне мақта тұқымын сепкен қожалық басшысы Аралбай Әбдіразақов биыл «Ырыс» мекемесінен 13 млн теңге несие алыпты. 2010-жылдан бері қаржы ұйымымен келісім-шарт негізінде жұмыс істесіп келе жатқан шаруа қожалығы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Науқанда қосымша тағы 30-ға тарта ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға қауқарлы.