Домой Басты жаңалықтар КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іске қосылып, жұмыстарын бастады. Өнеркәсіп саласында біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұрған Қыш зауытының иесі ауысып, зауыт жаңа өнім түрлерін шығару үшін қайта құрылымдалып, халыққа қызмет көрсетуді бастады. Сонымен қатар, аудан орталығы кәсіпкерлерінің ішкі инвестициялары арқасында қазіргі таңда 3 нысан, яғни Абай ауылы М.Артықов көшесі бойында Абай ауылының тұрғыны Айтқұлова Майраның бастамасымен «Бекжан» супермаркеті, Ходжанова Айнұрдың «Келес-2» ЖҚБ, Арапбаев Ерболдың кеңселік ғимараты іске қосылды. Сондай-ақ, 6 кәсіпкерлік нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Атап айтсақ Ә.Жылқышиев көшесі бойында кеңселік ғимараттар, Р.Мырзахметов көшесі бойында дүкендер мен қоймаларға арналған ғимарат, М.Артықов көшесі бойындағы «Береке» сауда орталығы, Б.Қырғызалиев көшесі бойындағы тойхана құрылысы, М.Артықов көшесі бойындағы тойхана құрылысы, Д.Қонаев көшесі бойындағы сауда орталығы құрылыстары жүргізіліп жатыр.


Абай ауылының өзіндік бюджетін қалыптастыру салық көзінен түсетін түсімін арттыру және салық түсімін ұлғайту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл аумағында мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмей өз үйлері аумағында автокөліктерді жөндеу мен айналысатын (костоправ) 9 орын, 7 нан өнімдерін дайындайтын (наубайхана) ошақтары анықталып, шаралар қолдану үшін мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
Сонымен қатар, ауыл аумағында орналасқан жалғаберілген үй жайларды анықтау барысында 32 үй жайлардың жалға беріліп жатқаны анықталып, Келес АІІБ ЖПҚ УПИ біргелікте акт түзілді. Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдау үшін жалға берілген үй жайлардың иелерінің тізімдері дайындалуда.
Абай ауылында мақсатына сай пайдаланылмай жатқан және бос жатқан жерлерді заңсыз иелену және пайдаланудың алдын алу бойынша жұмысшы топ құрылып, бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсаттағы 10 жер учаскесі, тұрғын үй құрылысы үшін берілген 31 учаскенің құжаттары жинақталып, аудандық жер қатынастары бөліміне жолданды.
Сонымен қатар, Абай ауылындағы 24 көп қабатты тұрғын үйлер жанынан 41 заңсыз нысандар анықталып, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Араншы-1» каналының үстінде орналасқан 14 кәсіпкерлік нысаны анықталып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нысан иелеріне ескерту қағаздары берілді. Анықталған нысандардың тізімі аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жолданды. Облыстық сәулет құрылысын бақылау басқармасының жұмыс нәтижесіне сәйкес қазіргі таңға дейін 6 нысан иелеріне құрылыс нормаларын сақтамау және құжаттары толық емес фактілері бойынша айыппұлдар салынды.
2019 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтерінен Абай ауылынан өтетін жерлердің санатын өзгертуге, елді мекен шегіне енгізу жұмыстарына аудандық жер қатынастары бөліміне бюджеттен тиісті қаржы қаралып, Абай ауылының жер көлемі ұлғайтылатын болады.
Ауыл тұрғындарға тұрғын үй салу және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер берілетін 96 га жерге электр қуатын тарту жұмыстарына ЖСҚ дайындау бойынша бюджеттен аудандық ТҮКШ бөліміне қаржы қаралып жұмыстар мердігер компания «ҚазНұр проект» ЖШС тарапынан жүргізілуде,
Әкімшілік іскерлік орталық салытанатын 22 га жерді ауыл шаруашылығы айналымынан шығару жұмыстары заң талаптарына сәйкес созылуына байланысты, Келес ауданы әкімі аппараты ғимаратын, аудандық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, сол маңайдағы ғимараттарды мемлекет меншігіне алып, кеңейту және бұрынғы аудандық аурухананың екі қабатты ғимаратын қайта құрылымдаудан өткізіп, әкімшілік ғимарат жасау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ғимарат иелерімен келіссөздер жүргізілуде.