Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҚҰНЫ 1,1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰНЫ 1,1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.
Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.