Домой Басты жаңалықтар ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛІМЖЕТТІК ІСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛІМЖЕТТІК ІСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының әлімжеттік мәселелері бойынша Түркістан қалалық білім бөлімі брифинг өткізді. Аталмыш брифингке Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, облыстық Ішкі істер департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Елмұрзаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. «Бүгін әлеуметтік желіде тараған мектеп оқушыларының арасындағы әлімжеттік барлығымыз үшін күтпеген жағдай болып отыр. Төбелеске қатысушылары толық анықталып, полиция тарапынан тергеу жұмыстары басталып кетті. Оқиға қаламыздағы мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта өткен. Яғни кешкі сағат 17:00-лер шамасында орын алып отыр. Орынсыз жайдың алдын алуға жұмыс жасамаған адамдардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Тергеу барысында ата-аналардың, мектеп басшыларының және ювеналды полиция тобының жауапкершіліктері қаралуда», — деді Ақмарал Батырбекова. Аталған жайт, облыстық білім басқармасының, облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасы, қалалық білім бөлімі Түркістан қаласының үш мектебінің 9-сынып оқушылары арасындағы құқықбұзушылық әрекеттер жасағанын анықтап, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мән-жайы қосымша хабарланады. Бұл іске байланысты жәбірленушілердің денсаулықтары қалыпты, сабаққа тұрақты қатысуда. Түркістан қалалық әкімінің баспасөз қызметі